Армян көліктерін тіркеу жалғасады

Қазақстанда армян автомобильдерін тіркеу мерзімі ұзартылды. Енді әкелінген машиналарды тіркеу рәсімінен 2021 жылдың 1 наурызына дейін өткізуге болады. 2020_06_26_eb11ec6d-5362-452e-8b76-4aa6a983c5dbҚазіргі уақытта Қостанай облысына әкелінген 763 автокөліктің 552-сі немесе 72 пайызы тіркелген. Оның ішінде 17 таңбалы VIN-коды бар көліктер саны – 387 және 17 таңбадан кем кодқа ие көліктер саны – 165.
Осы жылдың 19 тамызынан бастап VIN-коды 17 символдан кем және облыс аумағында аккредиттелген "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" басқару органдарын ауыстыру жолымен қайта жабдықталған көлік құралдарын тіркеу үшін қауіпсіздік хаттамаларын беру бойынша жұмыс басталды. Оның мекенжайы облыс орталығындағы Карбышев көшесіндегі 46-ғимаратта орналасқан.
Қазіргі уақытта Қазақстанда көлікті тіркеу үшін келесі талаптар орындау қажет екенін естеріңізге саламыз:
1) көлікті тіркеу туралы куәлік (КТТК);
2) мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі (МТНБ);
3) мемлекеттік баж салығын төлеу: МТНБ үшін – 7778,4 теңге, КТТК үшін – 3472,5 теңге, тіркеуге – 694,5 теңге.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓