Құр сөзден –нақты іске

IMG_0774Рудный қалалық жұмыспен қамту орталығы шағын және орта бизнес өкілдері үшін "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасын жан-жақты түсіндіруге арналған семинар өткізді.
Біле-білсек, осыдан тура бір жыл бұрын қазақстандық еңбек нарығының тиімділігін арттыру мақсатында "Жұмыспен қамту – 2020" бағдарламасы "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020"  болып  қайта қабылданған болатын. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген үшбу бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Олар инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау, оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Семинарда орталық мамандары соңғы 2 бағыт-қа  толығырақ  тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізіп берді. Мәселен биыл лицейлер мен колледждерді тәмамдаған 61 түлек "Жастар практикасына" жолдама алса, жұмыссыз жүрген 22 азамат электр-монтажшы, электр-газ дәнекерлеуші, аспаз, кондитер, бақылушы-кассир мамандықтары бойынша шәкіртақысы мен жолақысы төленетін 12 айлық курс-тарда оқып жатыр. Бұнымен қоса 5 есепші мен 2 электр-монтажшы өз білік-тілігін арттыруға кіріссе, тағы 184 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Айта кетерлігі, орталық қаланың 34 кәсіпорнымен тығыз байланыс орнатқан. Атқарылған жұмыстардың арқасында бүгінде қаладағы 83 мыңнан астам экономикалық белсенді халықтың 160-қа жуығы ғана (яғни, жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайыз, республикалық көрсеткіш 5,1 пайыз) жұмыссыздар қатарында.
Бүгінде оқытудың дуальды жүйесі – кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді. Іс жүзінде, дуальды оқыту үлгісі – бизнестің, болашақ маман мен мемлекет мүдделерінің бірлестігі. Кеншілер шаһарында өткен жылдан бері осы жүйе табыс-ты жұмыс істеуде. Ал жеке бизнесімді ашам немесе жұмыс істеп тұрған бизнесімді өркендетем деушілерге бағдарламаның 2-бағыты бар. Ол бойынша үміткерлер 3 млн. теңгеге дейінгі несиені жеңілдетілген пайызбен 4,5 жылға дейін ала алады. Бизнестен хабары жоқ қарапайым тұрғындар болса кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылмақ. Осылайша, бағдарлама қатысушылары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, еңбек нарығында өз нәпақасын табуға дағдыланады.
Семинардың 2-бөлімінде жұмыспен қамту секторының меңгерушісі Елена Шевелева еңбек заңнамасына сәйкес кәсіпорындар мен мекемелер босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жедел жұмыспен қамту орталығына хабарлау қажет екендігін айтты. Ал орталықтың жолдамасымен бос жұмыс орнына жіберілген үміткерге байланысты шешім 5 күн ішінде белгілі болуы тиіс. Осы және өзге де түйткілді мәселелерді алға тартқан маман сөз кезегін Рудный қаласы әкімінің мүгедектер мәселесі бойынша кеңесшісі Серік Шайкеновке берді. Ол мүмкіндігі шектеулі жанның жұмысқа орналасуына кедергі болатын негізгі жәйттарға тоқталып, қаладағы барлық мекеме басшылары өз жұмысшыларының 3 пайызын мүгедек азаматтардан жинақтағанда ғана жұмыссыздық мәселесінің толық шешілетіндігін айтты.
Қазіргі таңда Рудныйда мүмкін-дігі шектеулі 42 тұрғын жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде 7-і әлеуметтік  жұмыс  орындарына   тиесілі болса, тағы да 2-і "Жастар практикасының" игілігін көріп отыр.
– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биыл-ғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсартуға үлкен көңіл бөлгені белгілі. Осы орайда қараша айына дейін Үкімет мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамасына өзгерістер енгізбек. Бар үмітіміз осы құжатта. Себебі, онда мүгедек жандарды қабылдаған жұмыс берушілерге  түрлі ынталандырулар мен салық жеңілдіктері жасалынып, арнайы инфрақұрылымды құруға септесуден бастап еңбекақыны төлеуге дейінгі шығындарды мемлекет өз есебінен жүргізеді деп күтілуде. Егер барлығы біз ойлағандай болса жүздеген азаматымыз "екі қолға бір күрек тауып", ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндік алар еді, – дейді Серік Нұрахметұлы.
Қарап отырсақ, "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асқалы Рудный қаласы біраз шаруаның басын қайырыпты. Содан болар, ұстанымын құр сөзбен емес, нақты іспен дәлелдеген жұмыспен қамту орталығына халық дән риза.
Семинардың соңында шағын және орта бизнес өкілдері өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, керекті кеңестер сұрады. Ал орталық мамандары мен әкім кеңесшісі қатысушылардың уәжіне мұқият құлақ асып, мазмұнды жауаптарын беріп жатты.
Қуаныш
        ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓