Үйі бардың күйі бар

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударып, Үкіметке бірыңғай тұрғын үй саясатын жасақтауды міндеттеді. Соның бір тетігі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. Мәселен, Рудный қаласында осыдан бір ай бұрын бес қабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 50 отбасы қоныс тойын тойлады. Бүгін болса, «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында №39 кварталда тағы бір зәулім үй бой көтеріп келеді.b83c5cd6-2c98-4eec-8bd2-c829ce1af812 «Үш жылда кеншілер қаласының тұрғын үй қоры сегіз жаңа ғимаратпен толықты.Осы үйдің құрылысын 2021 жылдың соңына қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз. «ФУД-МС» мердігер компаниясы осы жылға бөлінген 96 млн теңгені толық меңгеретін түрі бар. Жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Іргетасы қаланып, бірінші қабат салынып бітті. Сәні мен салтанаты жарасқан 60 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысына жалпы 460 млн теңге бөлінеді», –дейді қала әкімінің орынбасары Әнуар Есқатов. 67997511-c449-4458-8b6d-7ff9f60ee83eҚазіргі таңда Рудныйда әкімдіктің тұрғын үй кезегінде 5 мыңға тарта түрлі санаттағы азамат тұр. Баспаналар солардың ішіндегі көп балалы жәнежағдайы төмен отбасыларға үлестірілмек. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың тапсырмасы бойынша құрылысқа қажетті материалды пайдалануда жергілікті компанияларға басымдық беріліп отырғанын айта кеткен жөн.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓