Аудан орталығы абаттанды
Кейінгі жылдары Сарыкөл ауданында абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жақында аудан орталығында Тәуелсіздік стеласы мен Даңқ қабырғасын жөндеу жұмыстары аяқталды.

2018 жылы салынған Даңқ қабырғасында Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері мен ауданның құрметті азаматтарының фотосуреттері бар. Ол да әктеліп, сырланды.
Орталық алаңға жаңа кеспетас төселді. Қазіргі уақытта салтанатты іс-шараларды өткізу үшін сахнаны жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті билік әдемі безендірілген алаң тұрғындардың эстетикалық талғамын тәрбиелеп, туған ауылы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады деген сенімде.