Еңбек – бейнет емес, зейнет

Изображение 2 641Алаштың ардақты азаматы Ахмет Байтұрсынұлы: "Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек" деген. Бұл аталы сөз бүгінде өз мәнін жойған жоқ. Керісінше, оқу-білім, еңбектің қажеттілігі айқын сезілуде. Осынау ой жас буын жиналған облыстық форумда айтылған болатын.
Қостанай облысындағы жұ-мысшы жастардың форумына өңіріміздің әр аудан, қалаларынан тоқсанға жуық делегат келді. Қатысушылардың дені шағын және ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастар. Екі қолға бір жұмыс тауып, еңбек етіп жүрген жастар. 
Форумға облысқа қарасты аудан мен қалалардан екі қатысушыдан келді. Сондай-ақ "Костанай минералдары", "Евразкаспиансталь", "Агромашхолдинг", "Қазактелеком" және басқа да кәсіпорындар мен шаруашылық қожалықтардың өкілдері бар. Ірі кәсіпорындардың жұмысшылары өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Басқосу аясында Қостанай индустриалдық колледжі мен автомобиль жолдары колледжінің базасында "Өз ісінің шебері 2014" байқауы өтті. Оған автослесарь, дәнекерлеуші, аспаздар қатысып, нағыз шеберді анықтады. Өз ісіне шын берілген үздік маманды тәжірибелі қазылар анықтады. Мәселен, автослесарь байқауы төрт кезең бойынша өтті. Қатысушылар заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып аккумулятордың батарейкаларын және генераторды тексерді және көліктің дөңгелектерін ауыстырды.
Форумның пікірталас алаңында әр қатысушы өзінің тәжірибесімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды. Кейінгі толқын кәсіп-орындарда жастармен жұмыс жөніндегі кеңес құру мәселесін көтерді. Сонымен қатар жастар ауданның, қаланың дамуына бір кісідей араласса деген тілектерін де білдірді.
Ауқымды іс-шараның соңында "Өз ісінің шебері" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Автослесарьлардың арасынан Қостанай ауданы, Владимиров ауылынан келген қатысушы Дмитрий Кисть үздік шықты. Электрдәнекерлеушілері арасынан Қостанай қаласының тұрғыны Максим Пожар бірінші орын алды. Қамыстылық Андрей Туровец үздік аспаз атанды.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген А.ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓