Аялдама қазақ және орыс тілдерінде хабарланады
Кеңес Одағы кезінде кәсіп-орындар мен ұйымдардың атауын қазақшалауды арман-даушы едік. Әлдебір сауда орнының атауы ұлттық тілде жазылса, риза болатынбыз. Енді қос тілдің заманы туды. Еліміз тәуелсіздік алғалы ұлттық тілдің мәртебесі жоғарылады. Көшелердегі жарнамалар қос тілде жазылатын болды. Сонымен қоса жолаушылар таситын автобустар тоқтайтын аялдамалар атауы қазақша және орысша хабарлануда.
Хабарландыру автоматты бас-қару жүйесіне негізделген. "QPS" навигациясы спутниктік жүйеге бағындырылады. Оған автокөлік жүргізушісі араласпайды.
Атап айтқанда, автобус тоқтап, жолаушыларды мінгізген кездегі аялдама алдымен қазақ тілінде, сосын орыс тілінде хабарланады. Жолаушы келесі аялдаманың атауы қалайша аталатынын іле-шала біліп отырады.
Жолаушылар тасымалдау көлігіне қариялар да, жастар да, балалы ата-аналар да мінеді. Автобустардың салоны кең болатыны да, шағындау болатыны да ескерілген. Әлгі автоматты хабарландыру жүйесі жолаушыларды сыпайылыққа, кішіпейілділікке шақырып, ескерту жасайды. Тіпті, сақтандыру шарасын ескерту де ұмыт қалмайды. "Автокөлік аяқ астынан кілт тоқтаған жағдайда жолаушы азаматтар бір, біріне соқтығысып қалмас үшін алдын ала сақтандыру ережесін есте ұстау керектігі де хабарланады.
Қостанай қаласында күн сайын жиырма жеті маршрутпен 357 жолаушылар тасымалдау автокөлігі жүреді. Соның 337-і автобус, жиырмасы шағын автобустар. Шағын автобус тек №23 маршрутпен ғана жүреді. Бес маршрут саяжай маусымына арналған.
Айта кету керек, қаладағы жолаушылар тасымалдау маршрутына келісім-шарт бойынша жеті кәсіпорын қызмет көрсетеді. Бұлар – "Жарық Жол -1" , "Қостанайавтотранс" , "Қостанайтаксотранс" , "Туристтранссервис" , "Сапар фирмасы", " STA компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және "Альтаир" өндірістік кооперативтері.