Жоғалған 15 жасар қыздан әлі хабар жоқ
Затобол кентінде тұратын 15 жастағы Гүлмира Салықова 24 мамырда үйінен шығып кетіп, осы кезге дейін оралмағандығы туралы ақпарат жергілікті БАҚ – тарда осыдан 2 апта бұрын жарық көрген еді.
Сол күннен бастап із-түзсіз кеткен Гүлмираны іздеуге кіріскен еріктілер қала көшелері мен адамдар көп жүретін демалыс саябақтарында парақшалар ілуге кірісіп кетті. Бірақ , бұдан оңды нәтиже шығар емес. Хабарсыз кеткен қыздың анасы Алмагүлдің айтуына қарағанда, Гүлмира тоғызыншы сыныпты енді ғана бітіріпті. Ол бұрын да үйінен екі рет кетіп қалған кезі болған. Бауыр еті баласынан көз жазып қалған ана қызы туралы қандай да бір дерек білетін жандардың 8 705 670 39 28 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.