Мұз айдыны сарайы және шаңғы базасы ашылады

Қостанай облысында заманауи мұз айдыны сарайы және шаңғы базасы ашылады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды. Без названия
Бұл мақсатқа шамамен 5 миллиард теңге бағытталмақ. Қаражаттың 90% инвесторлар есебінен қарастырылады. Қазір облыста 2446 спорт нысаны бар. Бұлар түрлі кешендер, ойын алаңдары мен хоккей корттары. Халықтың 30% бұқаралық спортпен қамтылған. Ал қысқы спорт түрлері кенжелеп тұр. Қостанай және Рудный қалаларында ғана мұз айдыны сарайлары бар. Шаңғы спорты, конькимен сырғанау және шорт-тректен бар жоғы 12 адам ұлттық құрамаға мүше.
«Қала, аудандарда мұз айдыны сарайларын көптеп салуымыз қажет. Қыс мезгілінде спортшылар еш алаңдамастан шұғылдану үшін жабық кешендер болса тіпті жақсы. Себебі, біздің өңір барлық жас ерекшеліктері бойынша Қазақстан құрамасына спортшылар даярлайды», – деді шорт-тректен облыстың аға бапкері Николай Федоренко.
Дегенмен, 2019 жылы жағдай күрт өзгермек. Өңірде соңғы үлгідегі екі ірі спорт нысаны бой көтереді. Республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдау мүмкіндігі болады. Ең бастысы – тұрғындардың қысқы спорт түрлеріне қолжетімділігі артады.  
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2000 орындыққа арналған мұз айдыны сарайы салынады. Оның құны 4,5 миллиард теңге. Нысанда шорт-трек, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерін дамытамыз. Ал жергілікті бюджеттен 400 миллион шаңғы базасын тұрғызуға жұмсалады», – деді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Сергей Богаченко.
Сала мамандары жаңа мұз айдыны сарайының ашылуымен облыста екінші хоккей командасының пайда болуын жоққа шығармайды. Бұл да халықтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығын оятары анық.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓