Тәлім-тәрбие – балабақшадан
Жас өскін баланың өз отбасынан кейінгі тәрбие алар ортасы – балабақша, одан кейін мектепте жалғасатыны белгілі. Бұл ретте балдырғандарға тағылымды тәрбие беріп жүрген Қостанай қаласындағы №7 бөбекжай-балабақша ұжымының еңбегі зор. ҚР білім беру ісінің үздігі Ағын Байтікенова басшылық жасайтын №7 бөбекжай-балабақшасы көп жылдар бойы талай жас жеткіншектің бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, оң мен солын танытып, мектептік өміріне жолдама берді. Аталған білім ордасында білімі мен біліктілігін қатар ұштас-тырып, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беріп жүрген тағылымы мол тәрбиешілер мен ұлағатты ұстаздар еңбек етеді.

Қазіргі таңда №7 бөбекжай-балабақшасы 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша бірінші ондықтың қатарына енді.
Балабақшада балалар білім алып, жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Күнде-лікті сабақтармен қатар балалар ағылшын тілі, ән, би, спорт үйір-мелеріне қатысады.
Білікті маман, балабақшаның әдіскері Жанна Ахметбекова ұжымдағы тәрбиешілерге жан-жақты бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырады. Балабақша ұжымында көп жылдардан бері жұмыс атқарып, бала тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген тәрбиешілер де жетерлік. Атап айтсақ, Ләззат Жұмабаева, Мәнсия Нұрмағамбетова, Галина Мирманова, Гүлшат Тортаева, Надежда Буханская, Елена Ожмегова сынды тәрбиешілер жас мамандарға үлгі-өнеге көрсетіп, бағыт беруде аянып қалмайды. Жас мамандар Елена Савенкова, Гүлнар Қабашева, Аида Жыл-қышинова еңбек етеді.
Балабақша ұжымы қала, облыс және республика көлемінде өткізілетін байқаулардан қалыс қалған емес. 2013 жылы Астана қаласында өткен "Тәрбиеші болу – бақыт" атты республикалық конкурста жүлделі орындарды иеленді. Ата-аналармен де тығыз қарым-қатыныста жұмыс жасап, балалармен өткізілетін түрлі байқауларға, ертеңгіліктерге шақырып, үлгілі отбасыларды марапаттап отырады.
Алма ИСМАЛОВА,
тәрбиеші.