Отбасылық тәрбие – маңызды мәселе
Біздің мектепте "5-7 сыныптарындағы жас-өспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек" атты жалпы республикалық тақырыптық конференциясы өтті. Бұл конференцияға отбасылық тәрбие институтының түлегі Елена Третьякова және "Нұр Отан" партиясының өкілі М.Бисенова қатысты.
Психолог Третьякова өзінің жұмысының нәтижесін ортаға салды. Жасөспірімдерді тәрбиелеу барысындағы педагогикалық сауаттылық стилінің 12 ережесімен таныстырды. Әр ереженің маңыздылығын бейнеролик арқылы көрсетіп отырды. Соңында ата-аналарға 32 нұсқау кеңесін берді.
Отбасылық тәрбие институтында әзірленген мектеп психологтарын кәсіби қайта даярлау бағдарламасының мақсаты психологтарды ата-аналармен тиімді қарым-қатынастар орнатуға, мектеп және отбасының арасындағы қатынастың басты міндеттерін тиімді шешу үшін сенім мен өзара құрмет ахуалын орнатуға үйрету болып табылады.
"Отбасылық тәрбие институты" ЖШС – бұл Қазақстан Республикасында отбасылық тәрбиенің педагогикасы мен психологиясы бойынша тыңдармандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын қосымша кәсіби білім беретін заманауи ұйым. Астана қаласында 2010 жылғы 10 қарашада құрылған. Оның жұмысын педагогтар, ата-аналар жоғары бағалауда. Мектептегі семинар да діттеген жерден шықты.
Шынар Меңдібаева,
№ 19 мектептің мұғалімі.
Қостанай қаласы.
Суретте: конференциядан көрініс.