Алдыңғы толқын – АҒАЛАР
«Қариялы ел – қазыналы» демекші, аға буын өкілдерін қашанда ардақтаған қазақ елі әлемдік деңгейде аталып өтілетін 1 қазан – Қарттар мерекесін кең көлемде атап өткен еді. Осынау шара барысында, Тобыл өңірінде ауыз толтырып айтарлықтай істер қолға алынды. Жергілікті билік өкілдері, қоғамдық ұйымдар бірлесіп, қарияларға жасалып жатқан қамқорлықтарын еселей түсті. Қоғамнан бір сәт шет қалмаған белсенді қарттарымыздың өзі бұл іске бір кісідей жұмылып, замандастарының көңілін аулады. "Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігі" АҚ жанынан құрылған ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Қостанай таңы" газетінің жанашыры, Рудный қаласының құрметті азаматы, Қостанай облысының құрметті азаматы, зейнеткер Әлсабыр Дәрменбаев ағамыз да осы іске бел шеше араласқандардың бірі. Қызметін қойса да, қоғамдық істен қашпаған ағамызбен мереке күні сұхбат құруды жөн көрген едік.
– Әлсабыр аға, ширақ қимылыңызға қарап, көңіл қуанады. Көлікті өзіңіз басқарып, қоғамдық істердің бел ортасына да өзіңіз аттанасыз. Кеніштегі жұмысты да осылай атқардыңыз ба?
– Қазіргі мен бұрынғыны салыстыру әсте мүмкін емес. Ол кездері жоқтан құрап, күнелткен едік. 1956 жылдан бастап Соколов-Сарыбай кенішінде тау-кен шебері болып іске кірістім. Құрылғанына небәрі екі-ақ жыл болған өндіріс ошағында техника атаулы болған емес. Темір жол желісі, электр құрылғылар, бұрғылау машиналары да бірең-сараң еді. Уақыт өте 2-3 текше метрлік тасымалдау көліктері жеткізілді. Мен еңбек еткен кездері ондағы ең ауыр жүк көлігі 8 текше метр өнім тасуға қауқарлы болатын.
Қазіргі жағдайға қарап, көңілің тояттайды. Техника дамып, заманауи құрылғылар өндіріс ошағына көптеп әкелінуде. Осыған сай, жұмыс қар-қыны да еселене түсті. Жұмысшылар-ға барлық жағдай жасалып, өндірістегі бар қара жұмысты құрылғылардың күшімен жүргізетіндей мүмкіндік туды. Жалақылары да жақсарып, әлеуметтік жағдай жасалған. Кеніште жұмыс істейтін бозбалалардың өзі бірер жылда темір тұлпар мініп, тұрмысын түзейтіндей күйге жетті. Өз заманымызда біздер қоғамдық көлікпен жүріп, жатақханада жат-қанымызға мәз болушы едік.
– Расында да, кен комбинаты біраз адамның бағын ашты. Осында еңбек еткендердің барлығының да жалақылары жақсы, әлеуметтік жағдайлары жасалған. "ССКӨБ" АҚ қаланың көркеюіне де үлесін қосып отырғаны байқалады.
– Оныңыз рас. Елбасымыздың тапсырмасына сай, жер-жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынған. Нәтижесінде, елді мекендердің бюджеттері жеке кәсіпті нәсіп еткендердің салығынан толыға бастады. Десек те, Соколов-Сарыбай кенішінің орны ерекше. Облыс бюджетінің басым бөлігін жауып отыр-ған өндіріс ошағы еліміздің, жеріміздің өркендеуіне сүбелі үлесін қосуда. Кен ошағының белгілі болып отырған шикізат қоры 100 жылға жетеді. Жүргізіліп жатқан барлау жұ-мыстары кеніштің талай ғасыр қызмет етуіне бағытталған.
Соколов-Сарыбай кеніші ашылмағанда, Рудный қаласының да негізі қаланбас еді. Бір кездері кеншілердің қосыны болған жер бұл күндері алып шаһарға айналды. Кәсіпорын қала бюджетінің басым бөлігін қамтамасыз етуде. Мұның сыртында, кеніш басшылығы мен жергілікті билік өкілдерінің арасында арнайы меморандумдар қабылданып, елді мекеннің инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандарын жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Нәтижесі көз қуантады. Тіпті, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осы келісінде қаламыздың көркейе түскенін тілге тиек етті. Ол кісімен біздің жұмысымыз бір тектес десек, артық айтқандық емес. Елбасымыз металлург болса, біздер кеншіміз. Осыдан да болар, Президент Рудный қаласын жанына жақын тұтады. Бұл жолы да үйлеріміз бен жолдарымыздың жаңарғанын, Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстарына