Полиция оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілерді іздестіруде
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағанындай, полиция жүргіншілерді соғып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушілерді іздестіруде.
3 қазан күні түнде Қостанайда Қайырбеков көшесінде белгісіз жүргізуші жолдың шетінде келе жатқан 52 жастағы әйелді соғып, қашып кетті.
Апаттың салдарынан жүргінші жарақаттары ауыр болып оқиға болған жерде жан тапсырды. Апаттың куәгерлері машинаның ақ түсті болғанын айтады. Оқиға орнынан бастапқы материал жиналып, тергеу іс-шаралары басталды.
4 қазан күні Қарасу селосында Рамазанов көшесінде ойнап жүріп, жолдан жүгіріп өтпек болған 6 жасар баланы машина соғып кетті. Бала ауруханаға жетпей жан тапсырды. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Аталмыш факті бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.