Квота бір тәулікте игерілді

Елімізде  ауыл шаруашылығы техникасын қабылдауға бөлінген квота бір тәулік ішінде игерілді. Бір күн бұрын  іске қосылған ескі агротехникаларды қайта өңдеуге қабылдаудың пилоттық бағдарламасы рекордтық сұранысқа ие болды. Бағдарлама аясында еліміздің он қаласынан 100 трактор мен 20 комбайн қабылдау межеленген. Алайда, тозығы жеткен техникаларын қос-қостан тапсыруға ниет білдірушілердің көптігі сонша, бөлінген квота бір күннің ішінде игерілді. Пилоттық бағдарламаға кірмеген қалалардың өзінен сұраныс артып отыр.  b241a4f7-33ec-400b-8a92-05d0e2305902Тозығы жеткен агротехниканы қабылдаудың пилоттық бағдарламасы еліміздің Қостанай, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Тараз тәрізді он өңірінде жүзеге асырылады. Жоба аясында комбайндар әзірге Петропавл, Қостанай, Павлодар, Көкшетау қаласында қабылданады. Тракторлар мен комбайн тапсырғандарға жеңілдік сертификаттары беріледі. Жеңілдік сертификатының құны ауылшаруашылығы техникасының түрі мен жинтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.5447e9ee-31cf-42d5-942b-ab125a731542Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған автокөлік құралын сатып алатын кезде пайдалануға болады. Сертификатты  K-730, K-742, K-740 сияқты елімізде кең қолданыста жүрген премиум санатындағы техникаларды және Lovol, Беларусь тракторларын,  Essil, Acros комбайндарын және басқа да модельдегі техникаларды сатып алу кезінде пайдаланға болады.  Жаңа техникалардың барлық модельдерін отандық ауылшаруашылық техникаларын және автомобиль өндірушілердің ресми сайттарынан көруге болады.e2dd8591-e89b-43eb-8871-6a0a592bd9c6
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓