Елбасы Тобыл өңірінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Тобыл топырағына табан тіреді. Егін орағы науқаны кезінде дәстүрлі сапарын қойнауы құтты Қостанай өңірінен бастаған мемлекет басшысы алдымен егістік алқапты аралап көрді.
IMG_7331Бұл егін алқабы Майкөл ауылындағы «Нұр Тоба» ЖШС тиесілі. 2001 жылы құрылған шаруашылық қазір даму үстінде. Егіні де биыл бітік шығыпты. «Нұр Тобалықтар» дәнді дақылдар егумен қатар мал шаруашылығымен де айналысады екен. Осы алқаптың маңындағы диқандар тіккен қосынға ат басын бұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жиналған жұртпен амандасып, жақында ғана өмірден озған Қазақстанның Еңбек Ері Валентин Двуреченскийді үнсіздікпен тік тұрып еске алып, жақын-жуықтарына көңіл айтты.
IMG_7377– Бұл азаматты 30 жылдан астам уақыттан бері танимын. Ауыл шаруашылығының білгір де білімір ғалымы еді. Мемлекет ісінде де өзінің озық ойымен көзге түсті,- деп Нұрсұлтан Назарбаев Валентин Двуреченскийді тебірене еске алды.
Содан кейін облыс әкімі Нұралы Садуақасов биылғы егін орағына диқандардың дайындығын айта отырып, өңір экономикасының дамуына да тоқтала кетті.
– Егін орағын 25 тамыздан бастадық. Қазір диқандарымыздың барлығы да жанар-жағармай және егін ору техникаларымен толық қамтылды. Сыйымдылығы 7 млн. тоннаға шақталған астық құятын элеваторларымыз да сақадай сай тұр. Бұған дейін 536 мың га. алқапқа 21 мың тонна минералды тыңайтқыштар пайдаланылды,- деп өңір басшысы одан әрі азық-түлік өнімін өңдірудегі жетістіктерді, мал шаруашылығын дамытудағы табыстарды, машина құрастыру және «Қол жетімді баспана – 2020», «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының кейбір өзекті мәселелерін әңгімелеп берді.
IMG_7535Әрбір бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарды мұқият тыңдап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Комсомол құс фабрикасына және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасына қатысты мәселелерге тоқталып, сын айтты. Сондай-ақ, тек егін шаруашылығымен ғана емес, мал шаруашылығын да одан әрі дамыту керектігін баяндады. Ол үшін «Агробизнес 2020» бағдарламасының пайдасы зор екендігін жеткізді.
IMG_7322Егістік алқаптағы мәжілістен соң Мемлекет басшысы Рудный қаласына сапарын жалғастырды. Ол мұнда Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің құрылғанына 60 жыл толу мерекесіне қатысты.
 
Нұрболат Мешітбаев
Суреттерді түсірген: Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓