Қыруар қаржы қайда жұмсалмақ?..

Тағы да бюджет қаржысы талқыланды. Қыруар қаржы қандай игі істерге жұмсалады? Ол қай бюджеттен бөлінбек? Халық қалаулылары және облыс әкімінің орынбасары Роза Кемалова, міне, осы мәселені ортаға салды. Облыстық мәслихат комиссиясында көтерілген мәселе анау айтқандай, аз-маз ақша емес. Бақандай 22 млрд. 604 млн. теңгенің қаржысы. Тұтастай бұл соманың қайта қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен. Қанша десеңіз, айтайық, 572 млн. 393 мың теңгенің көлемінде болып шықты. Қалғаны республикалық қазынадан беріледі-міс. Әрине, есепке салсақ, өте қомақты қаржы. Мұны өз сөзінде Роза Кемалова да дәлелдеді.JegoDUPbXF3O
– Барлығы да айқын. Бюджет кірісін қалыптастыру қазір қиынға түсіп отыр. Өңір экономикасының дамуы біршама бәсеңдеп қалды. Міне, сондықтан да қомақты қаржыны бөлу экономиканы тұрақтандыруға қадам деп түсінген абзал. Бүтіндей алып қарасақ, бюджет әлеуметтік салаға бағытталған. Халық қалаулыларына сенеміз әрі бірігіп қарқынды істер атқарамыз. Бөлінген қаржыны да тиімді игеруге күш саламыз,– деді Роза Кеңесқызы.
Аталған қаржы сомасы негізінен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, игеруге (2 млрд. 87 млн. теңге), жылу жүйесі және сумен қамтамасыз ету құрылысына (3,7 млрд. теңге), индустриалды инфрақұрылымға (1,7 млрд. теңге), тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жөндеу жүргізуге (1,5 млрд. теңге), «Инватакси» қызметіне (5,4 млн тенге) , мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге  (10,9 млн тенге ) жұмсалмақ. Былай ойлап қарасақ, көңілге жағымды жаңалық. Ал, бүтіндей шашау шығармай игеру әрине, уақыттың еншісінде.DB14E6C0-624E-4272-8643-82DB768EC0E0_mw1024_s_n
Мәслихаттың бюджеттік комиссиясының төрағасы Насыр Алашбаев осы мәжілістегі бұл өзгертулерге шешім шығаратын енді жаңа шақырылымның депутаттары болатынын ескертіп өтті. Себебі, 20 наурызда елімізде мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтпек. Сайланған жаңа халық қалаулылары өңір бюджетінің шешімін 24 наурыздағы сессияда бекітпек.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓