13 алаяқ ұсталды

2020 жылғы 27-28 қазан аралығында Қостанай облысының полиция қызметкерлері "Hi-tech" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.86f0a4e7-c402-448a-95cf-d89b14cdd5d5Операция Ақпараттық технологиялар, авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Екі күннің ішінде криминалдық полиция қызметкерлері 13 интернет алаяғының жолын кесті.
Мәселен, Қостанай қаласында полицейлер бес факті бойынша кибералаяқтық жасады деген 26 жастағы күдіктіні ұстады.
Қаскүнем облыс орталығының тұрғындарына шағын несие ұйымдарының бірінде онлайн несие рәсімдеген. Өтініш берушілерге келтірілген жалпы шығын 1 миллион теңгеден асты. 
Мысалы, зардап шеккендердің біріне 900 мың теңгеге жуық сомаға несие рәсімделген.
Қостанайдың 25 жастағы тұрғыны коронавирус пандемиясы кезінде алдау жолымен қорғаныс құралдарын сатудан ақша таппақ болып, сайттардың бірінде резеңке қолғаптар туралы хабарландыру орналастырған. Алматы облысының тұрғыны күдіктіге 36 мың резеңке қолғапқа тапсырыс беріп, бір жарым миллион теңгеден астам ақша жіберді. Тауар өтініш берушіге жетпеген. Осылайша, қаскүнем СҚО мен Ақмола облыстарының тұрғындарын 130 мың және 900 мың теңгеге алдады.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓