Әулие басын қарайтты
XIX ғасырда Торғай уезінде Оспан қожа, Сатыбалды ишан, дәмолла Кәтен мен Ханапия және басқа да білімді адамдар болған. Солардың бірі – Кәтен Қожаұлы 1895 жылы әйгілі Бұхара медресесін бітіріпті. 1899 жылы Мекке мен Мәдинаға барып, қажы болып оралған. Туған жеріне келіп, медресе ашты. Әкесі де, өзі де дәулетті өмір сүрген. «1917 жылы Алаш орда өкіметіне ер-тұрманымен жүз жорға ат берді. Байлығымен де, мырзалығымен де, молдалық, көріпкелдік қасиеттерімен де аты көпке жайылды. 1928 жылы бүкіл мал-мүлкі кәмпеске ұшырап, талауға түсті. Өзі жатарда бар, таңертең жоқ боп шықты. Сол кеткеннен мол кетті. Артында қалған әйелі мен балалары 1932 жылы аштан қырылды. Інілері 1932 жылы «халық жауы» болып ұсталып, атылды. Сөйтіп қара суы қатық болып ұйыған, жақсы істерімен елді аузына қаратқан бүкіл бір әулеттің оты сөніп, аты өшті…», – деп жазады өзінің «Қан» деген әңгімесінде белгілі этнограф, жазушы Сейіт Кенжеахметов.
Кәтен молда 1933 жылы (кей деректерде 1932 жылы қайтыс болған делінген) Торғайда дүниеден өткен. Сүйегі Торғай кентінің ортасындағы ескі қорымға жерленген. Аудан орталығында дәмолда Кәтен атында көше бар.
Ертеде әулие өз қолымен іргесін қалаған медресе кейін мектеп болған.

«1949 жылы 3 сыныпта оқимын. Қазіргі Жанкелдин ауданындағы Шеген ауылында Бұхарадан оқыған дәмолла Кәтен әулиенің үлкен үйі мектебіміз еді. Осы үйдің бір бөлмесі біздің үй әрі кітапхана болатын. Бір күні кітапхананы көруге (әлде бақылауға) бір кісі келді. Кітаптарды бір шолып өтіп, оның бір шетінде тұрған «Құран кәрімді» және бірнеше арабша (ішінде Ахмет Байтұрсынұлының да кітабы бар еді) кітаптарды көріп, анама қатты-қатты сөздер айтты…»,- деп жазған кезекті бір естелігінде.
Алпысыншы жылдардың басында дәмолла Кәтен үйін жөндеу кезінде көлемі өте үлкен бірнеше кітаптар табылған. Олар өте жақсы сақталыпты. Бірақ жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан шешен азаматтары сол кітаптарды алып кетіпті. Осындай, талай сырды ішіне бүккен тарихи мекен күні бүгінге дейін жұрт көзінен тасада, ескерусіз қалып келген еді.
Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген жақсы бір сөз бар. Ұзақ жылдардан бері қараусыз жатқан Кәтен әулие медресесі күйі кетіп, құлап қалған-ды. Оның үстіне далада жайылған мал жаздың күндері иен даладан сая таппай, әлгі жерді паналайды. Әулие тұрған үйді алпысыншы жылдардан бері жөндеп-жасқауға ешкімнің дәті бармаған сыңайлы. Жақында Шеген ауылында туып-өскен 1978 жылғы жігіттер өзара қаржы жинап, әулие медресесін темір шарбақпен қоршап шықты. Әрлі-берлі өткен адамдар біле жүрсін деген ниетпен басына белгі орнатты. Бұл игі іске Есіл қаласында тұратын Бақытжан Бейсенов бас болып, Қуат Мырзағалиев, Болат Арғынбеков, Нұрбек Қалиев, Ербол Темірханов, Кенжебай Ермағамбетов, Руслан Нұрышев, Дәурен Жұмашев, Медет Амандықов, Дүйсенбай Сейтенов, Нағашыбай Мырзахметов, Рамазан Көшеков есімді азаматтар елеулі үлес қосты. Бұл азаматтарға ауыл тұрғындары да жәрдемдесті. Ауыл ақсақалдары батасын берді.
-Негізі, істеген істі жария қылмайды дейді ғой, бұл біздің туған жерге деген перзенттік парызымыздан туған бастама еді. Әң әуелі істі неден бастаймыз дегенде, ойымызға Кәтен молданың үйін қоршау туралы ой сап ете қалды. Өйткені, бұл ара қасиетті жер. Тек, көп жылдардан бері қараусыз жатыр. Келешекте бұл мекен тарихи орындар тізіміне еніп, көпшілік зиярат ететін орынға айналса екен деген тілегіміз бар, – дейді Шеген ауылының тумасы Бақытжан Бейсенов. Енді келесі жылы Бақытжан бастаған азаматтар Шеген ауылынан шағын мешіт салуды көздеп отыр.

Әлібек ЫБЫРАЙ,
Жанкелдин ауданы