Ауыз су құбыры тартылуда
Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында бұрынғы су құбырларының әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан жергілікті тұрғындар қыстың көзі қырауда ауыл іргесіндегі өзеннен суды тасып ішеді. Ал қолдағы азын-аулақ малын да осы өзеннен суат ойып суарады. Енді биыл жағдай оңға басқалы тұр.

– Бұл ауылдастарым үшін үлкен қуаныш болатыны анық .Қазан айында әрбір тұрғын өз үйінен су ішетін болады. Ауылдастардың негізгі шаруасы – мал мен бау-бақша . Енді жеке шаруашылығын дөңгелетем дейтіндер көбейе түсер деген үміт бар -дейді округ әкімі Данияр Тоқтаров.
Күнжан Әбеу
Аманкелді ауданы