Молшылық – береке бастауы

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыстың агроөнеркәсіптік кешені жұмысының қорытындылары бойынша кеңес өткізді. Бейнебайланыс арқылы өткен жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов биылғы жиын-терім науқаны туралы кеңірек баяндап берді.IMG_4997 «Үстіміздегі  жылы өңір ауыл шаруашылығын дамытуға 38,4 млрд.теңге субсидия және бюджеттік кредиттер бөлінді. Бұл өткен жылға қарағанда 5 млрд теңгеге артық.  Биыл өсімдік шаруашылығына – 13,8 млрд. теңге, мал шаруашылығына  – 6,9 млрд теңге бөлінді. Ауыл шаруашылығы құрылымдары дала жұмыстары үшін 29,4 млрд.теңге несие қаражат алды.  Соның 22,6 млрд.теңгесі  "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы арқылы алынды.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп . Ағымдағы жылы жаздық егіс алқабы  4,9 млн.гектарға жетеқабыл. Оның ішінде 4 млн. 051 мың га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себілді. Басым бөлігі бидайдың еншісінде. Майлы дақылдар алаңы 640,5 мың гектарға жетті, Оның үлесі өткен жылмен салыстырғанда 130,4 мың гектарға ұлғайды. Соңғы 5 жылда егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру шеңберінде майлы дақылдар алаңы 2,4 есе ұлғайды»,-деп атап көрсетті Ғ.Нұрмұхамбетов. IMG_5008Айтуынша, биыл егін шығымдылығы жөнінен Сарыкөл ауданы көш бастаған. Онда гектар берекелілігі  – 14,5 ц/га айналды. Бұл көрсеткіш Федоров ауданында – 13,4 ц/га, Ұзынкөл, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара аудандарында 12 ц/га-дан асты. Облыста бірқатар жеке шаруашылық ауа райы жағдайына қарамастан жоғары өнімге қол жеткізді. Мәселен,Сарыкөл ауданының «Сарыкөл Агро» ЖШС әр гектардан 40 центнерден бидай алса, Алтынсарин ауданының «Айдала» ЖШС 21 центнер, Меңдіқара ауданының «Орлан 2004» ЖШС 20 центнер, «ОлжаАрыстан ӨК» ЖШС 17,6 ц/га алынды. Ал 1 гектардан 20-30 центнерден жоғары өнім алған шаруа қожалықтары бар. Қостанай ауданының «Золотой колос» ШҚ гектарынан  23 центнер өнім жинап алды. Сондай-ақ,  Меңдіқара ауданының «Жанарстанов» ШҚ 32, «Тимотин» ШҚ 35  центнер  өнімді қамбаға құйды.IMG_4998"Біздің кәсіпорын 6600 га алаңда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өсіреді. Біздің ұжымда тұрақты негізде, 15-17 жыл бойы 32 адам жұмыс істейді. Техниканы үнемі жаңартып отырамыз. «Партнер» егіс кешені, «Есіл» астық жинау комбайндары, басқа да техника түрлері сатып алынды. Биыл тіркемесі бар Камаз, К-742 тракторы, комбайндар, себу агрегаттары, тіркеме құралдарын сатып аламыз. Машина-трактор паркін 70%  жаңарттық. Шаруашылықтың өзінің жөндеу шеберханасы, қырман шаруашылығы, асфальтталған алаңдары бар 5 мың тонна астыққа арналған қойма бар. Асхана, жатақхана, монша жұмыс істейді. Біз инвестициялық субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолданамыз, онда бізге техника құнының 25% – ы өтеледі.  Гербицидтерді, элиталық тұқымдарды сатып алу субсидиялануы қуантады. Бұл мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек. Соңғы екі жылда бидай бағасы өсіп келеді.  Бұл техникалық паркті жаңартуға және механизаторлар жалақысының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биыл шаруалардың  орташа жалақысы 120-140 мың теңгені құрады. Қызметкерлерге ақы төлеу бойынша тарифтерді жыл сайын арттыру жағына жіті көңіл бөлеміз",-дейді Арқалықтағы «Асар-1» ЖШС директоры Николай Поспелов.IMG_5002Алқалы кеңесті облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қорытындылады.
"Биылғы маусым облыс тауар өндірушілерінің үмітін ақтай қоймады. Өздеріңізге белгілі, жазда құрғақ, жауын-шашын жеткіліксіз,температура жоғары болды. Бұл, әрине, дақылдардың өнімділігіне әсер етті. Бірақ, жалпы көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен жоғары.  Облыс бойынша 4,2 млн. тонна астық жиналды. Орташа шығым 10,5 ц/га тең. Шаруалар ала жаздай қолайсыз ауа-райы факторларына қарсы тұруға мәжбүр болды. Жаңа технологияларды, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандырумен, өз өндірісін техникалық қайта жарақтандырудың арқасында бірқатар кәсіпорын жоғарғы өнімге қол жеткізді. Шаруашылықтардың тиімді жұмысының мысалдары жеткілікті. Ағымдағы жылы мал шаруашылығы үшін ірі жем-шөп дайындау жағдайы неғұрлым қолайлы, пішеннің бір жарым жылдық қоры құрылды, пішендеменің, сүрлемнің қажетті мөлшері дайындалды. Өсірілген өнімнің көлемі облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы нарықтарға өткізу үшін жеткілікті. Облыстың мал шаруашылығы мен қайта өңдеу саласында жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және іске қосу жалғасуда. Алдағы уақытта өндірістерді одан әрі жаңғырту, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, облыстың экспорттық әлеуетін арттыру міндеттері тұр",-деді өңір басшысы.IMG_5040Жиын соңында  бірнеше ауыл шаруашылығы мамандары «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. IMG_4988Олардың арасында  Алтынсарин ауданындағы «Айдала» ЖШС директоры Сергей Кисель, Қамысты ауданындағы «Алтынсарин» ЖШС бас инженері Виталий Шушпанников, Қарасу ауданындағы «Талды-К» ЖШС директоры Пернебек Ертаев, Қостанай ауданындағы «Әбіл» шаруа қожалығының жетекшісі Асқар Аманов, Федоров ауданындағы «Тұрар» ЖШС директоры Қайрат Оспанов және басқалары бар.IMG_5049IMG_5061IMG_5053IMG_5064
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓