COVID-19: +13

31 қазанда Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 13 адам жұқтырды. 
Қостанай қаласының 4 тұрғыны, Рудный қаласында 2 адам,  Жітіқара қаласында 3, Денисов ауданында 2 адам, Қостанай және Әулиекөл ауданында 1 адамнан инфекцияға шалдыққан.
6 адам өз өтініші бойынша, 7 профилактикалық мақсатта тексеріліп,   «Желқуар», «Қайрақ» , «Аят» мемлекеттік шекарадан өткен кезде өздерінің осы дертпен науқастанғанын білген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 5 адамда ауру белгілері бар, 8 адамда бұл кеселдің белгісі жоқ түрін жұқтырған.  
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 31 қазан аралығында COVID-19  инфекциясы 3641 адамға жұққан, 3207 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓