Инфекциялық стационар ашылды

Қостанайда коронавирус инфекциясынан емдеуге арналған жаңа инфекциялық аурухана пайдалануға берілді.

Бір жаздың ішінде бой көтерген заманауи стационар бүгіннен бастап науқастарды қабылдай бастады.

Қос

Стационардың жоғарғы технологиялық заманауи құрылғылармен қамтылған арнайы зертханасы, диагностика орталығы, ота жасайтын бөлімі бар. Мұнда дәрігерлер науқасқа арнайы қондырылған планшет арқылы қашықтан бақылау жүргізе алады.

Лрь

Стационар облыстық ауруханаға қарайды.  Мұнда науқастарды оттегімен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі бар. Яғни, 8 тонна сұйық оттегі арнайы цистернаға құйылып, қажет болған жағдайда әр төсекке орнатылған құрылғы арқылы науқасқа қосылады. Стационардағы қалдықтарды жоюдың тиімді жолын қарастыру да ескерілген. Қалдықтарды ұнтақтап, зарарсыздандырып, қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қамтамасыз ететін арнайы жүйе жұмыс істеп тұр.

Жкжкж

Созылмалы гемодиализі бар және коронавируспен ауырған науқастардың қанын тазарту қажет болған жағдайда, гемодиализден өткізу үшін су тазартатын, су дайындайтын бірегей жүйе бар. Ол жансақтау төсектеріне қосулы тұрғандықтан, науқасты мазалап басқа жаққа ауыстырудың керегі жоқ. Қабылдау бөлімінің ерекшелігі туралы да айта кеткен жөн. Мұнда КТ құрылғысы мен рентген аппараты тұр.

Щрш

Бұл құрылғылардың көмегімен ауруханаға түскен науқас бірден негізгі диагностикалық зерттеулерден өтеді. Барлығы заманауи жеңіл пластик материалдардан жасалған. Сондықтан тез жуылып, тез зарарсызданады. Әр палатада 2-3 төсек қойылған. Өте қолайлы, жарық  әрі жылы. Науқастар дәретхана, арнайы тазартудан өткен ауыз сумен қамтамасыз етілген.  Бұл індет жұқтырған науқасқа да, оны емдейтін дәрігерге де психологиялық тұрғыдан қолайлы жағдай туғызады.

Ввщщ

Қазір науқастардың көбі амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Сондықтан қазірше жаңа инфекциялық стационардың медициналық қызметкерлер жеткілікті. Алайда алдағы уақытта 200 науқасқа дейін қабылдайтын болса, қосымша медициналық қызметкерлер мен парамедиктерді жұмысқа алуға тура келеді.            

​Инфекциялық орталық 200 науқасқа шақталған. 20 орындық жан сақтау бөлімі, эндоскопиялық және ультрадыбыспен емдеу бөлімі тағы бар.    

​Жаңа аурухананы таза және лас аймаққа бөліп тұратын 8 модуль қарастырылған. Орталық ғимараттарының қос қапталында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі есік бар. Коронавирус жұқтырып, ауруханаға жеткізілген науқастар бірінші есіктен кіреді. Ал дертінен айыққан адамдар ғимараттың екінші жағындағы басқа есіктен шығады.  

​Бір қабатты аурухана ғимаратының жалпы ауданы 6800 шаршы метр болады. Айдан Нарымбаевтың айтуынша, мұнда ауаны тазартып отыратын кері желдеткіш орнатылған.  Яғни, палатадағы лас ауа дәлізге шықпайды. Ауруханадағы барлық ауа арнайы залалсыздандыру құрылғысы арқылы сүзгіден өтіп, тазартылған күйде далаға бөлініп шығады.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓