Елік атқан екеу ұсталды

Қарабалық ауданының полицейлері Аққұдық ауылының жанында екі сібір елігін атып алған браконьерлерді қолға түсірді. Күдіктілер Қарабалық кентінің тұрғындары болып шықты. Олар "ВАЗ" автокөлігімен ұсталды.32ea37d5-9ffc-47bd-a4c0-b63904a1194524 қазанда "Браконьер" операциясы барысында Қарабалық аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Азар Нұралинов Аққұдық ауылының маңында егерь Мақсұт Шакибаевпен бірге "ВАЗ 21093" маркалы автокөлігін тоқтатты, онда 26 және 29 жастардағы жергілікті екі тұрғын болған. Көліктің жүксалғышынан сібір елігі табылды.
Тексеру барысында полицейлер тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен "ВАЗ" автокөлігін тәркіледі. Заңсыз аң аулау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.7cd77e6a-7608-4caa-98b7-f4209a6fd413Полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесуге және оларды анықтауға бағытталған бірлескен рейдтік іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады.
– ҚР "Қызыл кітабына" енгізілген жануарлар мен құстарды заңсыз аулау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Әрбір жағдайда атылған жануар үшін мемлекетке залалдық шығын өтеледі, – деп атап өтті облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы бөлімінің аға инспекторы Ғазретғали Әлімғазин.

Облыстық ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓