Жол апатынан 4 адам зардап шекті
Қостанай-Рудный тасжолында болған ірі жол-көлік оқиғасынан соң төрт адам зардап шекті. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.
Жарақат алғандардың барлығы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі – рудныйлық. Біреуі Қостанай тұрғыны.
"Кеуде тұсы жарақаттанған 32 жастағы қостанайлық дəрігер қарауынан соң үйіне жіберілді. Ал 60 жəне 47 жастағы əйелдердің жағдайы өте ауыр. Олар түрлі дене жарақаттарымен жан сақтау бөліміне көшірілді", – деп мәлім етті қалалық аурухана дəрігері Вячеслав Шелубаев.
Сондай-ақ, 27 жастағы ер адам да ауруханада жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты.