Жауапкер – 468 мигрант
ҚР аумағында болу ережелерін бұзған 468 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.Қостанай облысында "Заңсыз-мигрант-арна" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операцияның мақсаты – Қостанай облысы аумағында заңсыз көші-қонға байланысты құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау, жолын кесу. Бұл – 2019 жылғы 9-12 қыркүйек аралығында өткен "Заңсыз-мигрант-арнасы" республикалық жедел құтқару жасағының үшінші кезеңі.
Көші-қон қызметінің полицейлері 4 күн ішінде ҚР аумағында болу ережелерін бұзған 468 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімі бойынша елден 21 шетел азаматы шығарылды. ӘҚтК 518-бабы бойынша ("шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы") 89 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және пайдаланғаны үшін 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 136 шетелдікке қатысты елде болу мерзімін қысқарту процедурасы қолданылды, қабылдау-тарату орнына 7 адам жеткізілді.
Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталды. Осылайша, 11 қыркүйекте Жітіқара ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Жітіқара аудандық соты іздеу жариялаған 33 жастағы қылмыскер құрықталды.