Kaspi.kz ақауға ұшырады
Бүгін Kaspi.kz операцияларында ақаулар пайда болып, клиенттер дүрбелеңге салынуда. Алайда банк басшылығы тұрғындардың шоттағы қаражаты сақталатынын айтып отыр.
«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», – делінеді банк таратқан хабарламада.
Банк басшылығы клиенттердің өз шоттарындағы ақшалары сол күйінде сақтаулы екенін, оның ешқайда жоғалмайтынын ескерте кетті.