МӘМС: Жүкті әйелдерге медициналық қызмет тегін

Жалдамалы жұмыскерлер және кәсіпкерлік іспен айналысатындардың қатарынан жүкті әйелдер үшін медициналық сақтандыру Қорына ай сайын төлемдер түсуде, сондықтан МӘМС жүйесінде олар сақтандырылған. Ал, сақтандырылған мәртебесін жұмыс істемейтін жүкті әйелдер қалай алады? Бұл туралы “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Сәуле Аймұхамбетова айтып берді.
Филиал директорының айтуынша, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге есепке тұру үшін және МӘМС жүйесінде жеңілдікті алу үшін емханадағы өзінің учаскелік жалпы практика дәрігеріне жүгіну керек. Оған сақтандырылған мәртебесіз түсе аласыз. Тіркеуден кейін мәртебе автоматты түрде тағайындалады. Барлық анализдерді, скринингтерді жүкті әйелдер тіркелген емханасында ақысыз тапсырады. Егер жұмыс істемейтін жүкті әйел сақтандырылмаған мәртебесін анықтаса, онда әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылған пациенттің уақытша мәртебесін бір ай мерзімге ұсынады, бұл болашақ аналарға скринингтік тексерулерден өтуге және тестілердің қажетті тізімінен кешіктірмей өтуге мүмкіндік береді.
-Уақытша мәртебе беру процедурасы қарапайым. Сақтандырылмаған жұмыс істемейтін жүкті әйелдерге уақытша мәртебені алу үшін Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүктілік бойынша есепке тұру ДКК анықтамасын қосып және өзінің ЖСН белгілеп өтініш толтыру қажет, – дейді С.Аймұхамбетова.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі оң өзгерістер емделушілердің де көңілінен шығуда.
-МӘМС енгізу арқылы мен оның артықшылықтарын сезіндім, жақында төртінші баламды дүниеге әкелдім. Барлық анализдер мен үшін толығымен ақысыз жүргізілді. Бұрын, алдыңғы үш жүктілікте мен жеке емханаларда ақылы негізде көптеген анализдерді тапсырдым. Бұл анализдердің барлығы өте қымбат, оларды бір зертханалық зерттеу үшін 1000-7000 теңге құрайды. Денсаулық сақтау саласындағы игілікті істер бізді қатты қуантады, – дейді Қостанай қаласындағы №4 емхананың пациенті К.Сәкенова.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓