Жемқорлықтың иісі шығады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті комиссия отырысында «ТОБЫЛ» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ қызметіне қатысты мәселені талқыға ұсынды.
Олардың мәліметі бойынша, талдау қорытындылары ӘКК қызметі оның құрылу мақсаты мен миссиясына сәйкес келмейтінін, қабылданған шешімдер айқын еместігін, бұл жеке кәсіпкерлердің мүдделерін ұстануға мүмкіндік беретінін көрсеткен. Оған бұдан бұрын анықталған қант саудасы айналасындағы айла-тәсіл фактілері бір мысал бола алады.
"Мұндай жағдайлардың негізгі себептері ӘКК тұрақтандыру қоры қоймасынан әлеуметтік маңызды азық-түліктерді жүзеге асыру рәсімінің айқын еместігінде жатыр. Ақшаны мақсатты пайдалануды, сондай-ақ тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын жүзеге асыру барысын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында комиссия нақты ұсыныстар жасады. ӘКК-нің жер уческелерін бөлу тұрғысында да күдікті әрекеттер бар. Учаскелер инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға ғана берілуге тиіс, ал олар Қостанай және Рудный қалаларындағы сауда павильондары үшін берілген. Антикор өтінішінің негізінде, қазір заңсыз берілген жер учаскелерін Жер ресурстарын басқару департаменті мемлекетке қайтарып жатыр", – дейді департамент.
СЖҚІА өкілдерінің мәліметінше, «Айналым кестесі» шеңберінде қарыз ұсыну мәселелерін шешуші комиссияның жұмысында да айқындық жоқ. Олардың құрамына салалық ассосациялар өкілдері де, БАҚ та, қоғам белсенділері де енгізілмеген.
"Сыртқы талдау қорытындысы бойынша, 8 жемқорлық тәуекелі анықталды. Оларды жою үшін антикор 11 ұсыныс шығарды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аталған ұсыныстарды қолдап, тұрақтандыру қоры тауарларының барлық тізімінің жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстауды, «Тобыл» ӘКК қызметін бақылауға алуды және оның жұмысын белгіленген мақсаттар мен миссияға сәйкестендіруді тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы Сыбалас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымы бойынша, әкімдіктің және ӘКК лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартты. Атап айтқанда, ӘКК басқармасы төрағасының орынбасары Б.Б. Мурзинге, Қамысты ауданының әкіміне, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды. Ал ӘКК менеджері және қойма меңгерушісі, сондай-ақ Қостанай қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысы жұмыстан шығарылды", – деп толықтырды департамент мамандары.
Департаментінің басшысы Серікжан Мырзалының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұдан былай тұрақтандыру қорының қызметіне және азық-түлік тауарларын жүзеге асыру айқындығына тұрақты түрде мониторинг  жүргізетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓