Президент ту туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.тоқаев"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", – деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. ту
Естеріңізде болса, 2012 жылы Петропавл тұрғыны шымылдықтың орнына ту қолданған жағдай туралы хабарланған. Сол жылы Атырау тұрғынына автокөлікке Қазақстан туын байлап жүргені үшін 323 600 теңге айыппұл салынған еді.
2015 жылдың ақпанында елорда тұрғындарына балконға ту ілгені үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Сол кезде ер адам туды өзінің патриот екенін көрсету үшін және Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін ілгенін айтқан еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓