Қызмет алуға құқыңыз бар

Қостанай облысы аумағында республикалық "Жолда қабылдау" акциясының үшінші кезеңі өтті. ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен басталған акция тұрғындар тарапынан жоғары бағасын алды. Сәуір айында алғаш рет ұйымдастырылған шараға Қостанай қаласы бойынша 800-ге жуық азамат жүгініп, өз мәселелерін шешкен.IMG_9557
Бүгін қаланың қақ ортасына, яғни Алтынсарин және әл-Фараби көшелерінің қиылысына "Жолда қабылдау" акциясының шатыры тігілді. Онда Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Нығымет Ысмағұлов және Қостанай қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Құрмет Мәжікенов бастаған тәртіп сақшылары азаматтарға қызмет көрсетті. Тұрғындар түрлі сұрақпен келген, олардың мәселесі осы жерде талқыланып, әрі қарай заң жүзінде әрекет етуге жіберілді. Көлік тізігндеген азаматтар айыппұлдарын тексертіп, сол мезетте төлеп жатты.IMG_9546
Тәртіп сақшылар көмегіне жүгінгендердің бірі – Владимир Сон. Ол соңғы 17 жыл Қостанай қаласында тұрады, бірақ құжаттарының дұрыс болмауына байланысты ҚР азаматтығын ала алмай жүр. Қостанай полицейлерінің араласуымен енді ол алдағы апта ҚР азаматтығын алмақ.IMG_9502
Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғыны Игорь Гаврилов әскери борышын өтеп, мамандандырылған орта білім алған. Енді ол полицияға жұмысқа орналасқысы келеді. "Жолда қабылдау" акциясына осындай сұрақпен келген Игорьға бағыт-бағдар берілді. Қостанай қаласы Полиция бақсармасының кадр жұмысы бөлімі алдағы уақытта бос орындар болса, оған хабарласуға уәде етті. Ол үшін Гаврилов мемлекеттік емтихан тапсыруы қажет.IMG_9577
"Жолда қабылдау" акциясы облыс бойынша ұйымдастырылуда. Осы жолы тек жол бойында ғана емес, көп қабатты тұрғын үй аулаларында азаматтарды қабылдау жүріп жатыр. Аталмыш іс-шара 14-15 маусым күндері аралығында өтетін болады.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ,
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓