Қоғамдық көліктер тексерілуде

Облыс аумағында "Автобус" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар көлігіне ауқымды тексерістер басталды. Іс-шараға қоғам өкілдері мен заңсыз көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлері белсенді қатысуда. Тексеріс барысында қоғамдық көлік тізгіндеген 78 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылған.3111c858-f553-447b-b56f-7e0588f92efcПолицейлердің айтуынша, автобус жүргізушілері маневр жасау ережелерін жиі бұзады және рөлде келе жатып телефонмен сөйлесуді әдетке айналдырған. Ол бұның оқыс оқиғаларға себепші болуы мүмкін екенін ескере бермейді..
Шараның бірінші күні ұялы телефонмен сөйлескені үшін 13 жүргізуші, жылдамдықты асырғаны үшін 2 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 11 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, ал автобустардың техникалық байқауынан 9 шопыр, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден 2 жүргізуші өтпей қалды. 
"Іс-шараның мақсаты-автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында тәртіпті қадағалау. Сондай-ақ, бізбен көліктік бақылау инспекциясының, "Nur Otan" партиясының қызметкерлері және жұртшылық өкілдері бірлесіп жұмыс істейді", – дейді Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкері полиция майоры Айнұр Жұмағұлова.
Мобильді топ таңертеңнен бастап Рудный-Қостанай тас жолында жұмыс істейді. Дәл осы Лисаков-Рудный-Қостанай қалалары арасында қоғамдық көліктің үлкен жүктемесі өтеді. Патрульдік қызмет инспекторлары автобустар мен шағын автобустарды тоқтатып, жолаушыларды тасымалдау үшін көліктің талапқа сәйкестігін тексерді.
Қоғам өкілдері полицейлердің жұмысын бақылап отырды. Мысалы, "Қостанай-Арқалық" және "Федоров-Қостанай" тұрақты маршруттарындағы автобустардың екі жүргізушісі міндетті техникалық байқаудан өтпеген. Алтынсарин ауданы Силантьев ауылының тұрғыны автобусқа қосымша кресло орнатқан.  Заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.f658aee3-8655-4ea9-a523-b92e6265e357Лисаков және Жітіқара қалаларында жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін 2 жүргізуші жазаланды. Қостанай-Рудный тас жолында Қамысты ауданының Фрунзе кентінен облыс орталығына жолаушыларды заңсыз алып келген шағын автобус жүргізушісі тоқтатылды. 
Сондай-ақ, полиция ТЖД қызметкерлерімен бірге 40 автобусты өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін тексерді. 
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер "Назар аударыңыз – жаяу жүргінші" акциясын да өткізеді.  
"Полицейлер қызметінің ашықтығы халықтың сеніміне ие. Бүгін біз инспекторлардың қалай жұмыс істейтініне куә болдық", – дейді "ГрИн" Азаматтық альянсының өкілі Лейла Балғабаева. dba91812-0555-4112-88ab-120a672a810cОперация 2020 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓