Жеке кәсіпкердің жолын кескен…

         Жітіқаралық кәсіпкер облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасынан 2,4 млн.теңге өндіріп алды. Сөйтіп ол  кәсіпкерлікпен одан әрі айналысу құқығын сақтап қалды.
         Ғалия Шүренова он жылдан бері Қостанай мен Жітіқара арасында жолаушылар тасымалдайды. Бұл мақсат үшін кәсіпкер бірнеше шағын автобустарды жалға алған.микроавтобус
        2014 жылдың соңына таман «Қостанай облыстық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасы» ММ Ғ.Шүренованың қатысуынсыз «Қостанай-Забеловка» бағытына қызмет көрсету туралы келісімді бұзған.
          Мұнымен келіспеген азаматша кәсіпкерлер Палатасына кеңес алу үщін жүгініпті. Сөйтіп, мемлекеттік мекеменің заңсыз әрекеті сотта дәлелденді,
         «Куәлердің бәрі біздің өз жұмысымызды адал ниетімізбен атқарғанымызды растады. Маған жала жабу арқылы нарықтан шығарып салғысы келгендерін де білемін. Алғашқыда мен басқармаға әлденеше рет бардым, бірақ, ондағылар жауап бермек түгілі, мойын бұрып та қараған жоқ. Сондықтан, Палата мен сотқа шағымданудан басқа амалым қалмады,-дейді Ғалия Шүренова.
        Ал шенеуніктердің сот шешіміне қарсы әрекеттерінен түк шыққан жоқ.  2015 жылы келісім-шартты қалпына келтірген кәсіпкер мемлекеттік мекемеден барлық шығындарын өндіріп алу үшін  Палатаның көмегі арқылы  сотқа екінші шағым түсірді. Сот кәсіпкердің шағымын дұрыс деп тауып, мемлекеттік мекемеден 2,4 млн.теңге өндіріп алуға шешім шығарды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓