Ерекше сәлемдеме
УК-161/4 мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушіге әкелінген сәлемдемені тексеру барысында «СlASSIC» маркалы темекіден есірткі заттарын тапты. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.

Қазір заңнамаға сәйкес қылмыстық іздестіру органдары колонияға есірткі мен сәлемдеме жеткізген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады.Оған қатысты елден сыртқа шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шаралары қабылданған.
Мешіт Ғазиз