Балабақша 5 есе көбейеді

Қостанай облысында 2025 жылға дейін 35 балабақша және 17 шағын орталық ашылады. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова селекторлық отырыста мәлімдеді.1523424223_article_b
Бұл нысандар ҚР білімі мен ғылымын дамытуды көздейтін 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында пайда болады. Бағдарламаның басты мақсаты – балалардың мектепке дейінгі біліммен бірдей деңгейде қамтылуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда облыс көлемінде 579 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. 17 мыңнан астам балақай кезекте тұр. Өз кезегін күтіп жүрген балалардың көптігі жөнінен Қостанай (6949), Рудный (3885), Арқалық (945) қалалары және Қостанай ауданы (1803) тізім басында тұр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓