Қолда барға қолдау аз
Қарабалық ауданының бокс мектебі әуелден әлеуетті. Облыстың намысын байрақты бәсекелерде қорғауға лайық талай былғары қолғап шеберлерін шығарды. Қазіргі "түбітқанат" талапкерлердің де табысы, аяқ алысы жақсы. Аудан орталығындағы бокс мектебі жас та болса жұдырығы мығым жеңіскер жеткіншектерімен мақтанады. Тек…



– Дәме бар да дәрмен жоқ. Қол қысқа. Күн қолы ашық демеушілерге қарап қалды, жасырары жоқ. Оларды қашанғы сағалай бересіз? Аудандық спорт бөлімінде біздің талап-тілегімізді орындардай мүмкіндік жоқ. Өздерінің ұдайы айтуларынша солай. Бұрын мектебіміз тікелей облыстық басқармаға қарап тұрған кезде мұндай мәселе мүлде болмаған еді. Қалаған жарысымызға қиналыссыз қатысып, өзіміз де, шәкірттеріміз де қанаттанып жүруші едік. Қаншама чемпион шынашақтайынан жарқырай көрінді! Ал қазіргі күні бокс спортына деген қолдау көңілді көншітпей отыр. Бокс қана емес, доп спортына, ұлттық ойындарға лайықты деңгейде назар бөлінеді деп айту қиын, – дейді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Батырхан Әлиев.
Дей тұрғанмен "мәселе осы екен" деп дайындық-жаттығуларды саябырсытып қойған олар жоқ. 4 бапкер қарабалықтық балалар мен жасөспірімдерді аптасына 4 рет бокс жаттығуынан өткізеді. Талапкерлердің көптігі сонша – әр бапкерде үш топтан бар.






Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев