Елдің күші – бірлікте!

«Елдің күші – бірлікте! Алғашқы мәліметтерге сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевтың басым дауысқа ие болуы осыны көрсетеді. Жауын-шашынға қарамастан, тұрғындар дауыс беруге ерте жиналды. Дауыс беру – үлкен мерекеге айналды. Мұның барлығы да, халықтың ел болашағына алаңдаушылығын білдіреді» – деді, шараға қатысқан облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов. 2958c1accc8699a9e106938f8ea976a0 Бұл хабарды үлкен қуанышпен қабылдаған қостанайлықтар  облыс орталығындағы қазақ драма театрында салтанатты жиын өткізді. Мұнда кандидаттың сайлауалды штабының өкілдері сөз алып, қала жұртшылығын құттықтады. «Облыста 96 проценттен артық сайлаушының дауыс беруі, қоғам санасының биіктігін, елдің тыныштық пен тұрақтылықты бағалай білетіндігінің дәлелі»,- дейді жиынға қатысушылар. Мұнан соң студенттер қауымы облыс орталығындағы қазақ драма театрында флешмоб өткізді. Мұнда патриоттық сарындағы әндер шырқалды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓