ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ!
Мәдениет саласы мамандары, өнер майталмандары, үздік ұжымдар сынға түсетін республикалық "Рухани қазына-2020" фестивалі аяқталды. Дәстүрлі додада елдің әр түкпірінің музейлері, кітапханалары, мәдениет үйлері және клубтар және жекелеген қызметкерлердің онлайн режимде озаттары анықталды. Орталарында облысымыздың намысын сәтті қорғап, озық шыққан жерлестеріміз бар.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаетың "Рухани жаңғыру" бағдарамасы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен, мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық "Рухани қазына" фестивалі өткен жылы қолға алынған еді. Кең ауқымды байқау биыл да жалғассыз қалған жоқ. Алайда елдегі ауыр ахуал үміткерлермен орта болтырып, жүзден жүйрікті жүзбе-жүз анықтауға мүмкіндік бермеді. Есесіне, 28-30 қыркүйек күндері фестиваль онлайн форматында өтіп, дүлдүл шығудан дәмелі барлық қатысушы экран сыртынан сынға алынып, жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Тобыл-Торғай өңірінің намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз жетерлік. Осы орайда, айы оңынан туып, жеңіс тұғырынан көрінген қостанайлық үздіктермен оқырмандарымызды таныстыра кетуді жөн көреміз.



Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 7 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ерекше сән-салтанатымен өтті. Барлық үздікке 500 000 теңгенің сертификаты табысталды.
