Халықтың мұң-мұқтажын тыңдады

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері Федоров ауданы, Пешков ауылының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі қоғамдық қабылдауға жазылған ауыл халқы мал шаруашылығын дамыту, зейнетақы тағайындау, ауыл мектептерін жас мамандармен қамту туралы сауалдарын қойды.IMG_3517
IMG_3493Іс-шараға партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов, облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов, Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаев және облыстық басқармалардың өкілдері,  заңгерлер, медиаторлар қатысты. Әртүрлі сала мамандары тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, құқықтың кеңес берді.IMG_3502-Біз бірінші рет бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе ауыл-аймақтарға келіп отырмыз. Кез келген азамат қоғамдық қабылдау бөлмелерінде ақысыз кеңес алады. Қалың бұқараны толғандырған түйткілдің түйінін тарқату біздің негізгі мақсатымызға айналды. Халықпен бірлесе жұмыс істеу партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы болатын,-деді республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов.IMG_3509Қоғамдық қабылдау аясында «Нұр Отан» партиясы Федоров аудандық филиалының белсенділерімен кездесу ұйымдастырылып, партияның ардагерлері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Астанадан келген делегация бірнеше әлеуметтік сала нысандарын да аралап көрді.
 
Қымбат Досжанова.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓