Аймақта қандай хабар бар?

Құс тұмауы салдары
Облыста. Құс тұмауы салдарынан өңірде жұмыртқаның бағасы өсті. Тұрақтандыру қоры бекіткен құннан 330 теңгеге дейін көтерілген. Кейбір сауда нүктелердінде 395 теңгеге дейін жетті. Апта бұрын 1-сұрыпты жұмыртқаның он данасының бағасы 280 теңге болған. Билік өкілдері бұл жағдайды Қостанайда таяу күндері өтетін жәрмеңке арқылы реттемек ниетте.
 
Газ тапшылығы бар
Қостанай. Барлық дерлік жанар-жағар май құю бекеттерінде газ талонмен ғана беріліп жатыр. Тапшылыққа бұл тауардың табыссыздығы себеп. Кәсіпкерлерге газ литрін 75 теңгеге сатып алғанымен, оның біздің өңірдегі бөлшек саудадағы шекті құны 65 теңге. Бұл – карантин кезеңінде бекітілген баға. Қазір бекеттер газды талонмен коммерциялық ұйымдармен келісімге отырған мемлекеттік мекемелердің көліктеріне ғана беруде.
 
Төрт ауылдың түйткілі түгенделді
Қарабалық. Биыл Бөрілі, Рыбкин, Надеждин және Гурьянов ауылдарына су желісі тартылды. Екі жылға белгіленген жобаны іске асыруға бюджеттен 1,4 млрд теңге жұмсалды. Бүгінде Бөрілі ауылының 213 тұрғыны, 152 надежиндік, 63 рыбкиндік және 84 гурьяновтық орталықтандырылған ауыз су игілігін көріп отыр. Жергілікті биліктің айтуынша, абненттер саны 2100-ге көбейеді. Алдағы екі жылда Станционный, Лесной және Новотроицкий ауылдарына су беріледі. 
 
Қауіпке қарсы қам
Жітіқара. Жедел штабтың шешімімен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін аудан көлемінде сақтық шаралары қабылданды. Бұған өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға жүргізілген мониторинг қорытындысы себеп. 6 қазаннан бастап, "Желқуар" шекаралық бекетіндегі санитарлық пост қайта жұмыс істейді. Сондай-ақ, аудандағы 40 кереуетті карантиндік стационардың жұмысы жанданды.
 
Үш елік атқан
Әулиекөл. Басаман орман шаруашылығы аумағында браконерьлер үш елік атып алған. Оны жергілікті полицейлер рейд барысында анықтады. ВАЗ-21214 маркалы көлігі тоқтатылып, рудныйлық аңшылардың қылмысы ашылды. Олардың аң аулауға рұқсат қағаздары болмаған. Болжамды шығын көлемі – 250 АЕК. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Кент мәселесі – кермек су
Рудный. Қала тұрғындары кран суының сапасыздығына шағымдануда. Химиялық иісі бар болғандықтан, тұтыну мүмкін емес көрінеді. Сондықтан олар ауызсуды дүкеннен сатып алуға мәжбүр. Ал мамандар мұны Қаратомар тоғанындағы су деңгейінің өте төмендеп кеткенімен байланыстырды. Айтуларынша, жағымсыз иіс ауа температурасы төмендеген соң жойылады.
 
Ойын опындыра жаздады
Лисаков. 13 жастағы жеткіншек 3 қабатты бұзылған үйдің 2-қатабынан құлап кетті. Ол достарымен ойнап жүрген. Терезе жақтауына мініп, тепе-теңдік ұстай алмай қалған. Сол жақ иығының сүйегі сынған. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты дейді. Гипс салып, үйіне босатты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓