Мамандық таңдау – маңызды қадам

Зерттеулерге сәйкес, бүгінде оқушылардың тек 10-15 пайызы ғана болашақта кім болғысы келетінін дөп басқан. Ал статистикаға сүйенсек, еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының 70 пайыздан астамын жұмысшы және техникалық мамандықтар алып тұр. Алайда, мамандықты таңдау кезінде оқушылар мен студенттер тек оқу орнының беделі мен қалаған мамандығының танымалдылығына сүйеніп отырады. Соның салдарынан нарыққа аса қажет мамандықтар сұранысқа ие бола алмай отыр. Қазіргі уақытта мемлекет жол саласына қатысты мамандықтарға білім гранттарын көптеп бөлген.  
маман тапшы
– Негізі жол саласын  таңдаудың үш негізгі себебі бар. Біріншіден 2020-2021 оқу жылдарына еліміз бойынша 8 443 грант жол саласы үшін бөлінген. Бұл дегеніңіз, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, ата-анаңызға үлкен көмегіңізді тиіп, тегін оқуға үлкен мүмкіндік бар. Екіншіден, жол саласындағы мамандықтарға сұраныс өте көп. Мысалы, филиалға заңгер іздеген кезде бір жарты сағаттың көлемінде 200-тен аса түйіндеме келіп түскен.  Ал зертханашы (лаборант) іздегенде небәрі 4  түйіндеме келді. Осыдан-ақ, қорытынды шығарсаңыздар болады», – дейді Ұлттық жол активтері сапасының орталығының облыстық филиалы директоры Абылай Алшынбаев.
Жолшы болғысы келетіндер студенттердің де жақсы жалақы алуға мүмкіндіктері бар. Биылдан бастап, орталық студенттерді ақылы практикаға қабылдамақ.  
– Тәжірибе жинап қана қоймай, 85 мың көлемінде жалақыда тағайындалады. Мұның барлығы, жастарда өз мамандығына деген ынтасын көтереді деп есептеймін, – деді филиал директоры.
Қ.Боранбайұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓