Тәуелсіздік күні қастерлі мереке
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болғанына биыл 23 жыл толды.
Осыған орай Жанкелдин ауданындағы Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын болды. Жиында сөз алған аудан әкімі А.Кенжеғарин тұрғындарды мерекелерімен құттықтады.
Тәуелсіздік күні мерекесіне орай және ауданның әлеуметтік – экономикасының дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталды.
Меркелік жиынның соңы жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.
Байбатыр Ахметбеков
























