17 жасар жасөспірім жоғалды
Қостанайда ай-күннің аманында тағы да адам жоғалды. 17 жастағы Арлан Маратұлы Жүсіпов 2 наурыз күні үйінен шығып кеткеннен қайта оралмаған.
Туыстары полицияның кезекші бөліміне тек 5-ші наурыз күні ғана шағым түсірген. Із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімді қазір тәртіп сақшылары іздестіріп жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ. Бауыр еті-баласынан қапелімде көз жазып қалған ана жанарын жасқа шылап, біздің редакциямызға да келді.
-Арлан үйдегі алты баланың ең кенжесі . Ол қаладағы №21-ші мектептің 7 сыныбында оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы. Өнерге бейім. Мектепішілік мәдени-көпшілік шаралардың бел ортасында жүретін,- дейді Арланның анасы Гүлмайра Жүсіпова.-Сол, 2 наурыз күні, сағат 15.00 шамасында кітапханаға барамын деп үйден шығып кеткен. Содан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдым, қарағым!
Арланның бойы 165 см., арықша келген. Шашы қара, қысқа. Көзі көкшіл.Үстіне сұр түсті джинси, қара түсті кроссовака, «Армани» деп жазылған қара түсті бас киім киген.
Егер де Арланды көрген-білген азаматтар болса 102 немесе 52-62-18 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Әлібек ЫБЫРАЙ