Рудныйда жаңа әкім

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Рудный қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Ол қалалық мәслихаттың мақұлдауымен Қуандық Испергенов болды.9ad24f95-5d7c-4b17-a442-d24a4221d219Қуандық Хайдарұлы 1970 жылы Қостанай облысы, Жетіқара ауданының Аққарға селосында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Рудный индустриялық институтын «инженер-құрылысшы» және Қостанай әлеуметтік академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Дзержинск атындағы совхозда жұмысшы қызметінен бастаған.
1996-1997 жж. – Жетіқара қалалық халық шаруашылығы нысандарының қызметін үйлестіру басқармасының бас маманы.
1997-1998 жж. – Жетіқара ауданының пошталық байланыс торабының бастығы.
2002-2008 жж. – Жетіқара ауданы әкімінің орынбасары.
2008-2013 жж. – Жетіқара ауданының әкімі.
2014-2017 жж. – Ақмола облысы, Бұланды ауданының әкімі.
2017 жылдың желтоқсанынан осы уақытқа дейін Бейімбет Майлин ауданының әкімі қызметін атқарып келді.
Спортпен белсенді шұғылданады. «Кунай» жастар спорттық клубын ұйымдастырған. АҚШ-тағы дүниежүзілік  чемпионатының  жүлдегері, 2-ші дан Қара белбеуінің иегері.8f93d664-4dd8-4dcd-ade6-bfc25e51261c
Архимед Бегежанұлы жаңа әкімді таныстыра отырып, оған бірқатар маңызды міндеттер жүктеді:
– Осыған дейін 9 жылдан артық қаланы басқарған Бақытжан Ғаязовтың тұсында көптеген жұмыстар атқарылып, қала гүлдене және дами түсті. Енді осы істі әрі қарай жалғастырып, биылғы жылды сәтті аяқтау керек. Қазіргі таңдағы маңызды міндет республикалық бюджет жоспарының орындалуы ақсап тұр. Сонымен қатар "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша Қашар кентінде салынып жатқан су тарату жобасы мен қаладағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына жақсы көңіл бөлу керек, – деді ол.8ae918b1-0ce9-43cb-a290-92bf0217f596Жаңа әкім, өз кезегінде, артылған сенім мен жауапкершілікті ақтау үшін бар күш-жігерін салатындығын жеткізді.
Айта кетейік, Рудныйдың бұрынғы әкімі Бақытжан Ғаязов 29 қыркүйек күні Қашар кенті әкімінің жемқорлықпен сотталуына байланысты өз қызметінен кеткен болатын.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓