“Кешкі лига-45” тұсауын кесті
Қостанай қаласы әкімдігінің ұсынуымен мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың арасында шағын футболдан жарыс басталды. Доп додасының "Кешкі лига-45" аталуының өзінде үлкен мағына жатыр. Себебі, қатысушы командалардың құрамындағы ойыншылардың жасы қырық бестен жоғары болуы керек және әрбір матч кешкі мезгілде ойналады.
Шағын футбол мерекесінің ашылуы 7 шлде күні “Затоболец” алаңы базасында өтті. Қатысушыларды облыс әкімі Нұралы Садуақасов құттықтады.
– Футболды барлығымыз жақсы көреміз. Қала әкімінің осы бір ұсынысы қолдауға тұрарлық деп ойлаймын. Қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын бұл бәсеке өте маңызды. Жас ұрпаққа үлгі боларлық деп осы жарыс дәстүрге айналады деген ойдамыз,- деді өңір басшысы.
Жарысқа қатысып жатқан тоғыз команда бір ай бойы бақ сынасады. Ойындар шағын футболға арнайы жасақталған алаңдарда өтеді. Айналым жүйесі бойынша алғашқы кездесу де орын алды. Қостанай облысы әкімдігінің командасы "ТТС" ЖШС-не қарсы ойнады. Тартысты өткен ойында Нұралы Мұстафаұлы бастаған әкімдік командасы жеңіске жетті.
Қасқырбай Қойшыманов