Рамазан Тлеоф дүние салды
Қостанайлықтар оны белсенді өмірлік ұстанымы бар, өз замандастарының жарқын өкілі ретінде жақсы таныды. Тың игеру дәуірінің алғашқы күндеріне-ақ бел буып, білек сыбана еңбекке араласқан еріктілер қатарынан табылды. Табанды еңбегі үшін "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін" медалін иеленді.
Ауыл шаруашылығы саласына өлшеусіз еңбегі сіңіп, абыройдың биігіне көтерілді. Атап айқанда, Алтынсарин атындағы ауылдың бас агрономы болып қызметке араласып, кейін аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты мәртебесін егеленді, Қамысты ауданының Ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, Қамысты ауданына қарасмты Горький ауылының директоры, Науырзым аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты лауазымдарында болды.
Осынау жауапкершілігі зор лауазымдар бір адамның өміріне сыймас мәртебедей көрінуі мүмкін, алайда Рамазан Досымбайұлы осыншалық мансап-міндеттердің басын тоғыстыра алды, саналы ғұмырын сәулелі мақсатқа жұмсап, халық алдында қызмет етуге арнады.
Рамазан Досымбайұлы қашанда ауылдықтардың игілігін ең басты орынға қойып өтті. Оның жарқын мысалы ретінде әр кеңшарда наубайханалар, дәрігерлік амбулаториялар, стадинодар мен спорт залдарын салдырғанын айтып өтуге болады.
БАҚ өкілдері оны үнемі жарыса мақтап жазып, " белсенділік гені" бар текті тұлға ретінде көрсетті. Ол сондайлық құрметке мейлінше лайық болатын. Рамазан Досымбаев ұзақ жылдар бойы Қостанай облыстық ардагерлер кеңесін басқарды, өңірдің және елдің ардагерлер қозғалысының дамуына елеулі үлес қосты.
Бұл өте ауыр қаза қабырғаны қайыстырып, орны толмас өкінішке душар етіп отыр. Рамазан Тлеофтың жарқын бейнесі, өнегелі ісі, ардақты есімі қостанайлықтардың жүрегінде ұзақ сақталады.
Мұхамбетов А.Б.,
Ещанов С.Е.,
Нұрмұхамбетов Г.Т.,
Ионенко В.Н.,
Спанов Е.М.,
Есімова Б.А.,
Әбенов А.Т.,
Укин К.У.,
Қадамбаев Т.К.,
Нұргалиев Ж.М.,
Жетпіспаев М.К.,
Серғалиев Т.С.,
Жақанов Т.Т.