19 мың адам таңдау жасады
Қостанай облысының Nur Otan партиясы мүшелері праймеризде онлайн режимде белсенді түрде дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Nur Otan партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Әсел Аханның айтуынша, бүгінгі мәлімет бойынша облыста 19 276 адам өз таңдауын жасаған жасаған. Жалпы, праймеризге Қостанайдың барлық аудан-қалаларынан 800 адам қатысып жатыр. Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 222 (19,2%), өзін-өзі ұсынғандар – 578, әйелдер – 349, жастар – 243 қатысушы.
«Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 3 адамнан тіркелген. Негізі өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 246 орын бар. 1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 45 180 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 261 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында 156 дауыс беру орны белгіленді. Оның ішінде 109 орында дауыс онлайн форматта, 47 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен беріледі», – дейді ол.
Сонымен, Қостанай облысында праймериздің қорытынды кезеңінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Дауыс беру 3 қазан сағат 14-00 де тоқтатылады.