Туған жер туралы сыр

Торғай тарихы тым тереңде, атауы қалың Қазақ елінің тыныс -тіршілігімен біте қайнасқан көне өлке. Ел тарихына қатысты көптеген оқиғалар осы өңірде өткен, болмаса шарпуы тиген.
Копия img737
Копия img737 Копия img737Кітапта Торғай бекінісінің іргетасының қалануынан бастап, Тәуелсіздік жылдарындағы оқиғалары кезең-кезеңімен жүйелі сөз болады. Сондай-ақ, халық батырлары Аманкелді мен Әлібидің ерлік істерін, ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов өмірінің қызықты сәттерін автор қысқа да нұсқа әңгімелейді. Қасиетті Торғай топырағынан шыққан небір ақын-жазушылардың да өмір жолдарын сөз етеді. Әмірхан Абдуллиннің қаламынан "Сарбаздар", "Қызыл керуен", "Қос арыс", "Қанжар", соңғы жариялап отырған "Тарихи Тор-ғай" кітаптары жарық көрді. Бұл кітап Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының баспаханасынан 2014 жылы басылып шықты. Ә.Абдуллин Жанкелдин аудандық "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газеттерінде қызмет атқарды. Жиырма жыл бойы осы газеттің редакторы болды. Жанкелдин ауданының құр-метті азаматы, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓