Кейкі туралы телехикая түсіріледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жанынан құрылған көркем телехикаяларды іріктеу жөніндегі Сарапшылар кеңесі Кейкі батыр туралы туынды идеясын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қаринге сілтеме жасап.кейки
«Телерадиокорпорация ұйымдастырған байқауға келіп түскен бірнеше телехикаялардың синопсистарының арасынан 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілістің батыры, атақты мерген – Кейкі Көкембайұлы туралы телехикаяның идеясы қолдау тапқан болатын. Бүгін осы «Кейкі мерген» телехикаясы бойынша Кейкі батырдың өмір сүрген ортасы туралы зерттеулер жасап жүрген Шөптібай Байділдин ағамыз бен тарихшы Берік Әбдіғалимен кездесіп, осы телехикаяға байланысты ой-ұсыныстарын тыңдадық. Сондай-ақ, болашақ телехикаяның режиссері Мұрат Бидосов ұсынған сценарийдің алғашқы нұсқасын талқыға салдық», – деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасына.
Айта кетейік, Кейкі батырдың әдебиеттегі бейнесі Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасында Кете батыр болып бейнеленеді. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасөзде жасалған көркем бейнесі Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған. Кейкі бейнесі өз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны (Алматы, «Білім», 2001).

You may also like...

2 Responses

  1. Макс айтты:

    Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады.

    Ақпарат мына сайттан алынды: https://old.kostanaytany.kz

  2. Жулдыз айтты:

    Салеметсиздер ме,? Менин Кейки батыр макала,сына орай кокейимде журген созим бар еди. Мен Оразбай уста Аманбайулынын немересимин. Менин атам Оразбай Кейки батырга  мылтык согып ак к иизге орап тыгып берген екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓