ҰСТАЗ – ұлт болашағының айнасы

Соңғы жылдың бедерінде мектептің беделін, мұғалімдіктің мәр-тебесін жоғары деңгейге көтеру керектігі жиі айтылады. Бұл бағытта ауқымды шаралар да жүзеге асырылуда. Дегенмен, солардың нәтижелерін халыққа танытуда әлде де жариялылық жетіспейді. Осыған мән берсек. Жас ұрпақ тәрбиесінде отбасы мен мектеп бір-бірінен ажырамас ұғым. Отбасы мен мектептегі ұс-таздық қызметін, жұмысын қатар алып жүрген ұстаз-аналарымыздың еңбектері ерен. Оларға демеу бола білген ер-азаматтарымызды да ұмытпалық. Білім саласында, оқушы бала тәрбиесін-де, педагогтар қатарында кемші-лік те жоқ емес, бірақ сол кемшіліктерді айналсоқтап жүріп алмай, діттеген мақсатымызға қа-рай қарыштап жүрейік. Сондықтан да бүгінде "Ел боламын де-сең – мектебіңді де түзе!" деп айтуымыз қажет шығар?!. Өйткені, мектептерімізде болашағымыздың тіреулері, ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын, мемлекеті-міздің тізгінін ұстайтын ұрпақ оқып, білім алуда ғой! Ұлт болып сақталу үшін мектептің, ұс-таздың қоғамдағы мәртебесін кө-теруіміз шарт. Мектеп-кеменің бас штурвалында тұрған мұға-лімнің қай кезде де кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұл-ға болуы – бұлжымас міндет. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлықпен қарайтын қоғамның ең озық мүшелерінің бірі болуға тиіс. Сонда ғана мамандығыңа лайық, үздік мұғалім атана аласың!
Алтынай БАЙМАХАНОВА,
Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі.
Қостанай қаласы.
Ұстаз деген қастерлі
Өзіңді ойлап, ойға шомдым тұңғиық,
Ұстаз-Ана, Сіз екенсіз шың биік!
Болдым десем, шырқауына жеткізбес,
Сіздік мейірім, ақыл екен шын биік!
Ұстаз деген – бар қауымға сыйлы адам,
Қандай теңеу айтсамда артық сыймаған!
Мына өмірдің қалтарысы көп жолда,
Бағдар берер жарық сәуле сыйлаған!
Мұғалімім – қамқоршы ана, ардағым,
Біздер үшін қай қияға бармадың?!
"Азамат боп, елге жақса ғой", – деген,
Біздің балғын жүректе екен арманың!
Мәрт жүректің осы екен ғой арманы,
Сөздеріңнің мың батпан ғой салмағы.
Шәкіртің боп, озып жатсам өзіңнен,
Дейді бәрі, – "еңбегіңнің жанғаны"!
"Еңбегіңіз жансын", – деп ақ тілектен,
Жыр арнадым жылы лебіз жүректен!
Бақыттысыз, бәрінен де мерейлі,
Дән өсіріп, мың құлпыртып гүл еккен!
Толғанай Қазымбекова.
Қостанай қаласы.