Облыс әкімі ардагерлерді құттықтады
Алдағы 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70жылдығы және ТМД елдеріндегі Ардагерлер жылы болмақ. Осыған орай, Президент Жарлығымен еліміздегі бес мыңнан астам соғыс ардагері Елбасы атынан жаңап жылдық сыйлықтар алатын болады.
Міне, осы мақсатта желтоқсанның 26-сы мен 30-ы аралығында еліміз бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық бірегей акциясы өткізілуде. Облыс әкімі Н.Садуақасов та аталмыш акция аясында қаламыздағы соғыс ардагерлері Бертран Рубинштейн мен Әбілжан Нұрмағамбетовты Елбасы атынан құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Жалпы, облыс бойынша 368 соғыс ардагері мен мүгедегі бар. Акция барысында олардың бәріне де Мемлекет басшысы атынан жаңа жылдық сыйлықтар тапсырылатын болады.
Қарлығаш Оспанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай