ҚЫРЫҚ ТҮРЛІ САЛЫҚТАН ҚҰТЫЛАСЫЗ

Төтенше жағдай кезінде жұмысы шектелген кейбір шағын және орта бизнес тірлігінің тұралап қалғаны белгілі. Осы орайды Президент биылғы жолдауында шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шараларын қолға алуды тапсырды.

«Шағын және орта кәсіпкерлікке қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларында шағын және орта бизнестің барлық несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені жылдық 6%-ға дейін мемлекеттік субсидиямен қамтамасыз етуді тапсырамын. 

Субсидиялау төтенше жағдай жарияланғаннан, яғни биылғы 16 наурызынан бастап 12 ай кезеңді қамтиды. Сонымен қатар  мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектордың меншігіндені жылжымайтын мүлік нысандарын жалдау бойынша шағын және орта бизнестен төлемдерді алуды тоқтата тұруды тапсырамын,» – деді мемлекет басшысы. 

Қостанай облысының өзінде ғана 53 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Өңірлік статистика департаменті бір жылда олардың санының 3,9% – ға қысқарғанын айтады. Атап айтқанда, 2 144 кәсіпкер жұмысын тоқтатқан. Кәсібін жапқандардың арасында ойын-сауық индустриясы, туризм, спорт саласында табыс тауып келгендер көп.

Өз нәпәқасын өздері айырып жүргендердің бизнестен кетуіне еліміздегі салық жүйесінің де салдарын тигізгенін айта кеткен жөн. Жалпы елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінен 40 түрлі салық пен алымдар алынатын көрінеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы салық түрлерін азайту керектігін, жалпы  Салық кодексін қайта қарау керек екендігін айтқан еді. 

«Бүгінде бизнес құрылымдарына 40 түрлі салық пен алымдар салынады. Мұның сыртында, әкімшілік және құжат жүргізу жұмыстары әбден қиындатылған. Осы бағыттағы кейбір жұмыстар анық мәжбүрлеу сипатында жүргізіліп жатыр. Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық палатасына, депутаттық корпусты тарта отырып, Салық көдексі және қосалқы заң актілеріне тексеруді жүргізуді тапсырамын. Салықтық міндеттемелерді орындауды түбегейлі оңайлату және салықтар мен төлемдер санын азайту керек,»- деген еді мемлекет басшысы. 

 «Келесі жыл ішінде шағын және орта бизнес қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын  әзірлеуді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіру – мемлекетке қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек», – деді Тоқаев. 

Президент жыл соңына дейін квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қолданылатын бірыңғай заңды әзірлеуді міндеттеді.  Барлық реттелмелі сатып алулар барынша ашық әрі бірыңғай терезе арқылы жүзеге асырылуы тиіс.  

«Үкімет пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл соңына дейін қазақстандық қамтуды арттыру бойынша нақты ұсыныстарды дайындайды», – деді мемлекет басшысы. 

Осы бағытта атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылдары еліміздегі өзін өзі еңбекпен қамтығандар саны 4 миллионға жетуі тиіс. Ал, шағын және орта бизнестің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 35%-ға артады деп күтілуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓